Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ



"Қазақфильм" киностудиясы Қазақ киносының тарихын саралап, бүгінгі күннің жаңалықтарын жариялаумен қатар, қазақ киносының бүгіні мен болашағы жайында ой бөлісуге шақырады.

Блог Kinostudia Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


15 маусым 2011

Бүгін көпшіліктің тағатсыздана күткен дебюттік, балаларға арналған комедиялық комикс жанрындағы «Супер Баха» фильмінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Фильмнің режиссерлері Төлеген Байтүкенов пен Тимур Қасымжанов. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілген.



13 маусым күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында І Қазақстандық «Ер-Төстік» фестивалі өз жұмысын бастады.




2011 жылдың 13 мен 15 маусым аралығында Алматы қаласында «Синема Тауэрс» (Джандосов көш, 1) кинотеатрында I қазақстандық «Ер Төстік» анимациялық фильмдерінің фестивалі өтеді. Фестивалді ұйымдастырушы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.





15 маусым күні 2011 жылы алғашқы қазақстандық комедиялық комикс жанрындағы «Супер Баха» фильмі көрерменге жол тартады. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілген. Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Төлеген Байтүкенов пен Тимур Қасымжанов.

Фильм қарапайым екі бозбаланың күнделікті өмірінен сыр шертеді. Лақап аты «Ботаник» деген Баханың досы оны күмәнді стероидтарды ішіп көруге үгіттейді. Нәтижесінде Баханың бойында тылсым күш пайда болады. Фильмнің оқиғалық желісі Баханың бастан кешкен оқиғаларымен өрбиді.

Тұсаукесер рәсімі фильмнің супер батырлар комикстерінің негізінде түсірілген жанрлық бағытты ұстана отырып, түсірілім топтың қатысуымен өтеді.

2011 жылдың 16 маусымынан бастап фильм ұлттық прокатқа шығады.

«Қазақфильм» киностудиясының жеті фильмі 7-8 маусым күндері Астанада өтетін үшінші өркениетті өнер Жәрмеңкесінде көрермен назарына ұсынылатын болады. Жәрмеңкеге келген қонақтар «Май» (реж. С. Әбішев, 2009), «Выгодная сделка» (реж. А. Ганцев, 2009), «Мизам» (реж. Е. Лисасина, 2010), «Ата» (реж. А. Жүнісова, 2010), «Ақ мол болсын!» (реж. Н. Садығұлов, 2010), «Күтпеген неке» (реж. Ш. Оразбаев,2010) және «Періште» телехикаясын (реж. Р. Әлпиев және Э. Гильман, 2008) тамашалай алады.



Қысқаметражды «Кездесу» («Встреча») фильміне кастинг жарияланады.



Фильм Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иелері жайында. Фильмнің басты кейіпкерлері – Арман, Олег, Сәбит «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге білім алуға кетеді. Еурапа елінің беделді оқу орындарының бірінен білім алған достар бірнеше жылдан кейін елге оралады. Үш дос, үш түрлі тағдыр. Әр қайсысының тағдыры жаңа мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуның тарихымен ұштасып, тұспа-тұс келеді.

Фильм қазақ тілі мен орыс тілінде түсіріледі.

Түсірілім мерзімі: жаз мезгілі 2011 жыл.
Шілде–тамыз — Астана
Тамыз — Алматы




"Жерұйық" фильмінің афишаларын дизайына жарияланған байқау әлі жалғасуда.
Байқау жұмыстары 21 мамырға дейін қабылданады.
Жеңімпаздың есімі 23 мамыр күні анықталады.
Байқауға қатысушы Ғабит Шеріпбаев 3 бірдей жұмысын ұсынды.



Байқау: Жарнама дизайны

Байқаудың талабы бойынша «Қазақфильм» АҚ «Жерұйық» фильмінің жарнамалық афишаларының нұсқасын жасап шығару керек.

Жерұйық

Бұл – 30 жылдардағы аштықтан кейін басқа түскен алапат қиындықтарға қарамастан корейлер, немістер, түріктер, шешендер, күрдтер және басқа да халықтарды шын ықыласпен қарсы алған қазақтарға деген алғыс-фильм. Біздің еліміз бұл халықтардың нағыз Отанына айналды.
Жанры: халықтық драма
Өндірісі: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Сценарий: Л. Сон, С. Тәуекел
Режиссер: С. Тәуекел
Рольдерде: Б. Әбділманов, Н. Қарабалина (М. Әуезов драма театрының актрисасы), С. Попов, Е Нұрымбет, Я. Ломега, Б. Әбдірайымов, Н. Жақыпбай, О. Ли, Т. Қосубаева, А. Нөгербек, Т. Мейрамов, Т. Цой, М. Өтепбергенов, А. Шемес
Байқау ережелері
1. Байқау 07 мамыр мен 21 мамыр аралығында өтеді.
2. Жеңімпаз 23 мамыр күні анықталады.
3. Байқау жұмыстарын jpg форматында press@kazakhfilmstudios.kz мекен жайға жіберу керек.
4. Байқау жұмыстары 300 dpi көлеміне сай болуы керек.
5. Байқауға тек жеке адамның жұмыстары ғана қабылданады.
6. Жеке автор жұмыстарының санына шектеу қойылмайды.
7. Автор ҚР аймағында тұруы шарт.

Назар аударыңыздар!

Байқау жұмыстары авторлық немесе басқа үшінші тұлғаның құқықтарына қарсы келмеу керек. Байқау үшін ұсынылған фотоматериалдар тек байқау жұмыстарында ғана қолданылуы шарт.

Жарнамалық афишаның негізгі талаптары
1. Фильмнің атауы «Жерұйық»
2. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ логотипі
3. Индекс: «БА» - 12 жасқа дейінгі балалар фильмді ата-аналарымен бірге көру керек.
4. Байқау соңы: 30 мамыр

Жүлде қоры
Жеңімпаз 150 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болады.

Байқаудың әділ-қазылар алқасы

1. Кинопрокат және дистрибьюция бөлімінің басшысы
2. Дамыту жөніндегі басқарушы директор
3. Фильмнің қоюшы-режиссері

14 сәуір күні «Арман» кинотеатрында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған шараға түсірілім тобы қатысты. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.




Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Павлодар әкімшілігінің қолдауымен Павлодар қаласындағы Қазақ киносының күндерін ұсынады.

18 сәуір мен 22 сәуір аралығында Павлодар қаласында, Шәкен Айманов атындағы кинотеатрда (Дерибас көш. 19/1) Қазақ киносының күндері өтеді. Аталған мерекелік шараның негізгі мақсаты еліміздің барлық аймақтарын отандық кино өнімімен таныстыру және кино саласының жаңа сатыға көтеріліп, өркендеуімен халықты хабардар ету. Аталған шара барысында, көрермендер назарына соңғы екі жылда «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген бес фильм ұсынылады.


Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмі 24 мен 28 сәуір аралығында Киш аралында өтетін I Халықаралық Иран кинофестивалінде байқауға қатысатын фильмдердің қатарына енді.


Нью-Йорк киноакадемиясының Лос-анджелес қаласындағы кеңсесінің басшысы Ден Маклер Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келіп қайтты. Іс-сапардың негізгі мақсаты киностудия мен америка акдемиясының болашақта тұрақты түрде өзара бірлесіп жұмыс жасаудың жоспарларын талқылау болды.