«Біз Болашақтың түлектеріміз» фильміне кастинг жарияланады
|
Фильм Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иелері жайында. Фильмнің басты кейіпкерлері – Арман, Олег, Сәбит «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге білім алуға кетеді. Еурапа елінің беделді оқу орындарының бірінен білім алған достар бірнеше жылдан кейін елге оралады. Үш дос, үш түрлі тағдыр. Әр қайсысының тағдыры жаңа мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуның тарихымен ұштасып, тұспа-тұс келеді.
Фильм қазақ тілі мен орыс тілінде түсіріледі.
Түсірілім мерзімі: жаз мезгілі 2011 жыл.
Шілде–тамыз — Астана
Тамыз — Алматы
Кастинг талаптары
* 18-35 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер (шет тілдерін білген жөн)
* 20-55 жас аралығындағы шет ел азаматтары — афроамерикандықтар, еуропалықтар
Астана
28 мамыр 2011 жыл.
Кастингтің өтетін жері мен күні қосымша хабарланады.
Алдын-ала жазылу мен анықтама телефоны: 8 (7172) 70-76-69 немесе 8 777 957-57-95, Ләйлә
Алматы
Кастинг күнделікті жұмыс күндері мына мекенжай бойынша өтеді: «Қазақфильм» киностудиясы, ПЛК ғимараты, 255 бөлме.
Алдын-ала жазылу телефоны: 8 701 76-555-47, Алма
Кастинг 13 маусымға дейін өтеді.
Кастинге кел немесе фотосуретіңді мына эл.мекенжайға жібер: almatykasting@mail.ru
Фотосурет:
1. Портрет – көзілдіріксіз, бас киімсіз, бояусыз, фотошопсыз, жалғыз адамның түскен суреттері болу керек.
2. Дене бітімі мен бойы анық көріну керек.
Анкета
(фото суретсіз анкета қабылданбайды)
* Аты-жөні
* Туылған күні
* Ұлты
* Тұрғылықты жері
* Байланыс телефондары
* e-mail
* Бойы, салмағы
* Аяқ-киімінің мөлшері
* Киімнің мөлшері
* Көзінің түсі
* Шашының түсі, ұзындығы
* Білімі (дипломдағы мамандығын көрсету керек)
* Мамандығы (жұмыс орны бойынша)
* Меңгерген тілдері
* Киноға түсу тәжірибиесі (рөл мен эпизодты көрсету керек)
* Фильмнің атауы, түсірілген жылы, рөлі (жалпы (массовка) түсірілім есептелмейді)
* Қосымша өнерлері (атпен шабу, жекпе-жек тәсілін меңгеру, ән салу өнері т.б )
* Дене жарақаттары мен татуировкалар бар-жоқтығы көрсету
* Жүргізуші куәлігі
* Шет елге шығу төлқұжаты
* Қаладан басқа қалаға біраз уақытқа кету мүмкіндігі бар ма?
* Эпизодтағы рөлге келісесіз бе?
* Жалпы түсірілімге (массовка) түсуге келісесіз бе?
* Жарнамаға түсуге келісесіз бе?
|
|
|