Алматыда «Ер-Төстік» фестивалі өтіп жатыр / Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ



"Қазақфильм" киностудиясы Қазақ киносының тарихын саралап, бүгінгі күннің жаңалықтарын жариялаумен қатар, қазақ киносының бүгіні мен болашағы жайында ой бөлісуге шақырады.

Блог Kinostudia
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Алматыда «Ер-Төстік» фестивалі өтіп жатыр

13 маусым күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында І Қазақстандық «Ер-Төстік» фестивалі өз жұмысын бастады.


Фестиваль шеңберінде қалалық қуыршақтар театрының әртістері өз көрермендерінің көңілдерін көтеруге барынша ат салысты. Қаламыздың балалар үйі мен қалалық балабақшалардан, мүгедек балалар ассоциациясынан келген кішкентай бүлдіршіндер қуыршақтармен би билеп, қойылымды қызыға отырып тамашалады. Фестиваль ұйымдастырушылары журналистер қауымына арнайы анамациялық кешенде кең көлемді, толықметражды «Ер-Төстік» анимациялық фильмін жасаудағы жұмыс барысымен таныстырып, motion capture (кейіпкерлер мен нысандарды анимациялау: ағылшын тілінен тікелей аударғанда «қозғалысты бекіту» деген мағынаны білдіреді) деп аталатын жаңа технологияның қолдану әдісін көрсетті. Сонымен қатар, журналистер тарапынан туындаған бар сұраққа фестиваль ұйымдастырушылары мен қатысушылары баспасөз конференциясында жауап берді. Баспасөз конференцияға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаев, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық бірлестіктің жетекшісі Жәкен Дәненов, қоюшы-суретші және режиссер Ғали Мырзашев пен режиссер, 3D аниматоры Рустам Тұралиев, продюсер Ернар Құрмашев қатысты.

Фестивальдің негізгі мақсаты қазақ анимациясының даму мәселелеріне басты назар аудару. Былтырғы жылы қазақстандық прокатта 222 фильм болған болса, оның 20 анимациялық фильмдер екен. Олардың ішінде 2-і ресейлік, ал қалғандары америкалық Pixar және Disney компанияларының өнімдері болды. 60-70-80 жылдары «Қазақфильм» жылына 4-5 қысқаметражды анимациялық фильмдер шығаратын. Ал, 1991-2001 жылдар аралығында бірде бір анимациялық фильм өндірісте болмаған. 2001 жылдан бастап бұл саланың жұмысы біртін-біртін іске қосыла бастады. Қазіргі кезде киностудияда 7-8 фильм түсіріліп жатыр. Былтырдан бастап ауқымды, толықметражды «Ер-Төстік» анимациялық фильмін жасау қолға алынды. — деп мәлімдеді, киностудия басшысы Ермек Аманшаев.

Сонымен қатар, Ермек Аманшаев жылдың аяғына дейін 50 сериалы «Қазақ елі» деп аталатын анимациялық телехикая көрермен назарына ұсынылатындығын айта кетті.

«Егер «Мың бала» фильмі көрерменнің көңілінен шығып жатса, онда сол фильмнің желісінде анимациялық фильм түсіру жоспарда бар» — деп, жалғастырды сөзін киностудия Президенті Ермек Аманшаев.



«Қазақфильмнің анимациялық кешені арнайы АҚШ-та жинақталған 16 ядерлық заманауи кқондырғылармен жабдықталған. Анимацияның мақтанышы ол motion capture технологиясы. Қазақстан бойынша, «Қазақфильм» киностудиясы техникалық жабдықталуы жағынан алдыңғы қатарда тұр» — дейді, Рустам Тұралиев.

Фестиваль бағдарламасы бойынша соңғы үш жылда түсірілген анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылмақ. Ал 15 маусым күні Дөңгелек үстел шеңберінде анимация саласындағы маңызды мәселелер мен қатар, қазақ анимациясының дамуын өркендету мақсатында нақты іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі талқыланады.





автор ответ
Любитeль_кeкcoв
19 Авг 16:57
психиатрическая больница им алексеева
(Ссылка)