«Супер Баха» фильмінің тұсаукесері
|
15 маусым 2011
Бүгін көпшіліктің тағатсыздана күткен дебюттік, балаларға арналған комедиялық комикс жанрындағы «Супер Баха» фильмінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Фильмнің режиссерлері Төлеген Байтүкенов пен Тимур Қасымжанов. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілген.
Режиссерлердің айтуы бойынша фильм балаларға арналып, супер батырлардың ерлігін бейнелейтін фильмдердің негізінде түсірілген. Фильм Баха есімді «оқымыстының» бойында кенеттен пайда болған тылсым күшті және соның салдарынан туындаған оқиғаларды суреттейді.
«Фильмнің идеясы негізінен «Риэлторы» фильмінің режиссері Әділхан Ержановтікі. Әзірге фильм жайында айтылған кері пікірлерді естімедім. Сол себептен, фильм көрермен көңілінен шығып, қаржылай өз құнын ақтайды деп сенеміз. Біз үшін кассалық жинақтан гөрі, көрерменнің пікірі маңызды,» — деді, фильмнің режиссері Төлеген Байтүкенов.
Жақын арада Алматы қаласында БАҚ өкілдері фильмді тамашалап үлгерді. Журналистер қауымына фильмді екі режиссер мен басты рөлдерді сомдаған жас актерлер Руслан Қосалиев пен Іңкәр Базарбаева таныстырды.
    
|
|
|