Павлодар қаласындағы Қазақ киносының күндері
|
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Павлодар әкімшілігінің қолдауымен Павлодар қаласындағы Қазақ киносының күндерін ұсынады.
18 сәуір мен 22 сәуір аралығында Павлодар қаласында, Шәкен Айманов атындағы кинотеатрда (Дерибас көш. 19/1) Қазақ киносының күндері өтеді. Аталған мерекелік шараның негізгі мақсаты еліміздің барлық аймақтарын отандық кино өнімімен таныстыру және кино саласының жаңа сатыға көтеріліп, өркендеуімен халықты хабардар ету. Аталған шара барысында, көрермендер назарына соңғы екі жылда «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген бес фильм ұсынылады.
Көрсетілім, түрлі жас өкілдеріне қызықты болатындығына сенімдіміз. Өйткені, іріктелініп алынған фильмдер жанры жағынан да әр түрлі. Мысалға, Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі жастар драмасы болса, Данияр Саламаттың «Бәйтерек» атты фильмі кішкентай бүлдіршіндерге арналған. Ал режиссер Элдор Оразбаевтың «Афалинаның қырғуы» және Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмдері барша көрермен қауымның көңілінен шығатындығына сенімдіміз.

15 апреля 2011

«Қазақфильм» киностудиясының бұл бастамасы Павлодар қаласының тұрғындары үшін нағыз мерекелік күндерге айналатыны сөзсіз. Себебі, шара барысында тек фильмдер ғана көрсетіліп қана қоймай, фильмдерді таныстыруға келген кино жұлдыздарымен қауышу мүмкіндігі де туады. Олардың қатарында: СССР халық әртісі, әнші, актриса Бибігүл Төлегенова (балалық шағымның аспаны) және танымал актер, Ерік Жолжақсынов («Афалинаның қарғуы»), сонымен қатар, кино өнерінде енді ғана жұлдызы жанып келе жатқан жас актер Әнуар Нұрпеисов («Қызғылт қоян туралы хикая»), режиссер Фархат Шәріпов («Қызғылт қоян туралы хикая»).
Ш. Айманов атындағы кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің кестесі:
18 сәуір — «Ликвидатор»
19 сәуір — «Афалинаның қарғуы» боевигі
20 сәуір — «Қызғылт қоян туралы хикая» жастра драмасы
21 сәуір — «Бәйтерек» балалар фильмі
22 сәуір — «Балалық шағымның аспаны» драмасы
Кинотеатрдың мекенжайы:
Павлодар қ-сы, Дерибас көш., 19/1
Тел.: +7 (7182) 39-39-99 (автоответ.), 8-168, 32-52-52, 600-900
|
|
|