14 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Балалық шағымның аспаны" фильмін көріңіздер! / Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ



"Қазақфильм" киностудиясы Қазақ киносының тарихын саралап, бүгінгі күннің жаңалықтарын жариялаумен қатар, қазақ киносының бүгіні мен болашағы жайында ой бөлісуге шақырады.

Блог Kinostudia
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



14 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Балалық шағымның аспаны" фильмін көріңіздер!

14 сәуір күні «Арман» кинотеатрында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған шараға түсірілім тобы қатысты. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.



Еске сала кетсек, осы жылдың 7 сәуірінде фильмнің ресми түрде тұсаукесер рәсімі Астана қаласында «Қазақстан» Орталық Концерт Залында Елбасының қатысуымен өтті. Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өміріне негізделіп түсірілген фильм көрерменнің ыстық ықыласын бөленгені соншалық, көрсетілімнен кейін де көрермен қауым он бес минут уақыт бойы қошеметін аямай, фильмді 2011 жылдың ең үздік туындысы деп бағалады.



Фильмнің түсірілімі ерекше өткендігін айта кеткен жөн. Қазақ халқының соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңді кешуін шынайы бейнеленген. Қасқырлардың мал-мүлікке шабуыл жасап, оның өртке ұласуы, жанын қиып, тілсіз жаумен күрескен басты кейіпкердің әкесі Әбіштің образы арқылы ауыр тұрмыстық жағдайға да тамаша сипат берілген. Фильм көпшілік назарына алғаш рет ұсынылған тың фактілерге де толы. Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келер алдында, оның анасы түс көрген екен. Түсінде көл астында жатқан көне қаруға тап болады. Түс жорушы анасын ұлды болатынын, және ұлының өмірі күреске толы болатындығын айтады. Бас кейіпкер дүниеге келген күні шілде айынды тау бөктеріне жапалақтап қар жауса, таудың баурайына нөсерлеп жауын жауады. Ырымшыл қазақ халқы бұл жәйтқа «нұр жауды» деп түсініктеме береді.



Фильм Қазақстан Президентінің туып-өскен өлкесінде түсірілді. Үшқоңыр жайлауында, Шамалған ауылында және Қаскелең қаласында. Фильмге еліміздің ең үздік актерлері қатысты. Олар: Нұржұман Ықтымбаев, Наталия Орынбасарова, Бибігүл Төлегенова. Бас кейіпкердің образын үш бірдей актер сомдады. Олар: Елжас Әлпиев, Әбілмансұр Серіков, Нұрлан Әлімжан.

Жалпұлттық тұсаукесер рәсім оңтүстік астанамыздан басталып, Талдықорған, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Орал, Өскемен, Шымкент, Тараз қалаларында жалғасын табады.